Тұңғыш президент күні.

«Тұңғыш президент күні» мейрамы   қарсаңында «Қарлығаш» шағын орталығында  еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев туралы әңгіме  өткізілді.

 Шағын орталықтың тәрбиешісі Пупко Е.А. балаларға Қазақстанның  тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтып  берді.  Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттің негізін салушы болып табылатынын балалар  аса ден  қойып  тыңдады. Ол Отанның бірлігін, Конституцияны қорғау, адамдардың  құқықтары мен  бостандықтарын  қамтамасыз етеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың туғаннан бастап, елімізге деген адалдық антын қабылдағанға  дейін балалар  видеофильм көріп білді.  Біздің  республикамыздың  балалары ашық аспан  аясында  өмір  сүріп  жатқандығы, бақытты  балалық шақ пен олардың  болашағы  осы біздің президенттің іскерлік  басшылығының  арқасында  екенін тәрбиеші ерекше  атап  өтті.