1

Кіру

Президентінің жолдауы-2018

Бір байқағанымыз, Жолдауда «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұл білім саласы басты назар­да екенін көрсетсе керек. Әсі­ре­се, мұғалімдердің жа­ла­қысы бі­ліктілігінің расталу­ына байла­нысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ха­лық ерекше ықыласпен қа­был­дады. Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты.

Жолдаудың бір ерекшелігі – мұн­да білім саласының барлық са­тылары бойынша нақты мін­дет­­тер айқындалған. Мысалы, Пре­зидент орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларын Интернетке орналас­ты­­ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк­пір-түк­пі­ріндегі ұстаздарға қолже­тім­ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ­дай жасайды деп ойлаймыз. Президент Жолдауда ЖОО бойынша да нақты міндеттер қойған. Оның ішінде Президенттің аг­рар­лық университеттердің рө­лін қайта қарау туралы ойына ерек­ше тоқталуға болады. Се­бебі Елбасы мұндай оқу орын­да­­рының диплом беріп қана қой­­­май, ауыл шаруашылығы ке­ше­­нінде нақты жұмыс істейтін не­­месе ғылыммен айналысатын м­а­мандарды даярлау керек екенін айтты. Агроөнеркәсіп са­ласының Қазақстан экономи­ка­сында алатын рөлінің ерекше еке­­нін ескерсек, бұл жоғары оқу орын­дарындағы оқу бағ­дар­ла­ма­лары жаңартылып, агро­өнер­кәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсіз.  Ұлт, денсаулық, әлеумет Жолдаудан «Ұлт» сөзін 19, «әлеуметтік» сөзін 18, «ден­сау­лық» сөзін 8 рет кездес­ті­­ру­­ге бо­лады. Яғни халықтың әл-ау­қа­ты, әлеуметтік жағдайы мен ден­­саулығы басты назарда. Осы рет­­­те 2016-2017 жылдары зей­нет­­ақы мен жәрдемақы үш рет кө­­бейгенін айта кетуге болады. Ба­залық зейнетақы 29 пай­ыз­ғ­а, ынтымақты зейнетақы 32 пай­ызға, бала тууға байланыс­ты жәрдемақы 37 пайызға, ал мү­­гедектер мен асыраушысынан айы­рылғандарға төленетін жәр­­де­­мақының әрқайсысы 43 пай­ыз­ға өсті. Сондай-ақ ден­сау­лық сақ­тау саласындағы қыз­мет­керлердің, білім беру саласы қыз­меткерлерінің, әлеуметтік қор­ғау саласы қызметкерлерінің жа­лақысы, стипендиялар да кө­те­ріл­ді. Республикалық бюджеттің әлеу­­меттік салаға бөлінген шы­ғы­ны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.  Жолдауда бұл салалар бойынша нақты міндеттер де қойылған.